Платформа туралы

Қазір адамзат пен табиғат әлемі арасындағы қатынастар туралы түсінік бұрынғыдан да арта түсуде. Жаһанды пандемия, климаттың өзгеруі салдарынан жаһандық температураның жоғарылауы, сонымен қоса әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктің өсуі – бұл біздің әрекеттеріміздің қоршаған ортаға әсер етуінің көптеген мысалдарының кейбірі ғана. Тұрақты даму адамзаттың әлеуметтік және экологиялық өркендеуіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жүйелік ойлауды талап етеді. Әлем көшбасшылары бұл фактіні мойындап, Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) (2015-2030) шеңберінде планетаның болашақ дамуына арнап жол картасын әзірледі. Бұл мақсаттар тұрақтылықты жалпы адамзат дамуының басты тақырыбына айналдыруға бағытталған үш түрлі өлшемдегі: экономика, қоғам және қоршаған ортадағы нәтижелерін қамтитын бұрын-соңды болмаған бүкіл әлем көшбасшыларының міндеттемелерін білдіреді.

Білім беру осы мақсаттарға жетуде педагогтар мен білім алушылардың жұмыс орындарында тұрақты даму саласында және басқа да пәндер бойынша қоғам сұраныстарын қамтамасыз ететін қажетті білімді, дағыдылар мен құндылықтарды, құзыреттіліктерді игеруіне кепіл болатын негізгі рөл атқарады.

Бұл платформа білім алушыларға тұрақты дамудың барлық 17 мақсаттары бойынша, соның ішінде адам құқықтары, балалар, жастар мен ересектерге арналған жаһанды азаматтық туралы курстар мен оқу материалдарын ұсынуға және оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған.

Платформа құрастырушылары сіздердің оның мазмұнынымен таныса отырып, бәріміз үміттенетін және ұмтылатын ең жақсы, аса әділетті, теңді және тұрақты әлемді құрастыруға көмектесетін идеялар мен практикалық әрекеттерді тереңірек түсінесіздер деп сенеді.

SDG платформасындағы курстар біздің болашағымызды айқындайтын тақырыптар бойынша білім беруді мүмкіндігінше көп адамдарға қол жетімді етуді мақсат тұтатын серіктес ұйымдардың қолдауымен тегін түрде ұсынылады.

 

 


Last modified: Tuesday, 13 October 2020, 10:21 PM